Орталық қызметіне жүгінетін тұрғындардың саны артқан

Кәсіп ашып, нәсібімді молайтамын деушілер үшін облыста қолдау көп. Соның бір айғағы облыс әкімінің тапсырмасына орай ашылған «Бизнеске арналған Үкімет» орталығы арқылы кәсіпкерлер өздеріне қажетті қызмет түрлерін «Бір терезе» қағидатына сай алу үстінде. Бизнес өкілдері үшін онда облыстық кәсіпкерлік палатасының, «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының, «Тараз», «Атамекен» шағын қаржы ұйымдарының, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясының, екінші деңгейлі банк менеджерлері, кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша сарапшылық топтың өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қызмет көрсетуде.
Бүгінде аталған орталықта «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» жобасы бойынша қайта несиелендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Айта кетерлігі, тың бастамадан түскен қаржыға Жамбыл ауданынан Өрнек, Байзақ ауданынан Үлгілі және Жуалы ауданынан Ақсай ауылдық округтерінің тұрғындарына несие берілу үстінде. Нәтижесінде, аталған ауылдық округтерде жаңадан ауылшаруашылығы кооперативтері құрылып, «Тараз» микро-қаржы ұйымы арқылы жаңа техникалар берілуде. «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,5 пайызбен берілетін несиеге аталмыш аудандардағы ауылдық округтердің 300-ге жуық тұрғынынан өтініш келіп түсті. Жоба аясында 1,7 миллиард теңге қарастырылғанын айта кеткен жөн.
Бүгінгі күні орталықтың жұмысына жүгінетін тұрғындардың саны артып келеді. Бүгінгі күні орталық күніне 45-50 адамға қызмет көрсетеді. орталық жыл соңына 2300 қызмет көрсетуі жоспарланғанымен, ағымдағы жылдың 9 айында 2751 кәсіпкерге қызмет көрсеткен.

Comments (0)
Add Comment