Орталық музейге шабуылдағандар көшеде намаз оқып тұр (ВИДЕО)

Жаппай  тәртіпсіздіктер кезінде радикалдық ұйым өкілдерінің Алматы орталығында намаз оқып жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлады  «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбадан бетін тұмшалап алған екі адамның сырт киімдерін жерге жайып тастап намаз оқығанын, қастарында таяқтар тұрғанын көруге болады. Бұл бейнежазба 5 қаңтарда, сағат 22.10-да орталық музейдің жанында түсірілген.

Еске сала кетсек, 5 қаңтарда орталық музейге 200-ге жуық адам шабуыл жасаған болатын.

Comments (0)
Add Comment