Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан баспасөз конференциясының барысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек облыстағы орман қорын молайту жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Облыстың мемлекеттік орман қорының жалпы жер көлемі 4 млн 414 мың га болса, оның орман ағаштары көмкерген жерлері 2 млн 357 мың га құрап отыр. Орман қоры жерлері облыс аумағының 30,8 %-ын алып жатыр. Жамбыл облысының 2021-2027 жылдарға арналған орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарына сәйкес, орман қоры аумағында 143 млн дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Осы мақсатпен 2021-2023 жылдары 67,2 млн дана ағаш отырғызылған. Ал биыл 28,125 млн дана көшет отырғызу жоспарланып, бүгінге дейін 13,387 млн данасы егілген. Қалған 14,738 млн дана орман екпелері күз айларында отырғызылмақ.