Қордай ауданында жаңа мектеп ашылды

Ауданда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 19 білім ордасы балаларға өз есігін ашқан.

Мектептерде аудан балалары сапалы білім алып, тәбиеленуде. Жекеменшік мектептердің саны тағы бір мектеппен толығып, Ауқатты ауылында «ISIMJAN-1» ЖШС-нің жекеменшік мектебі ашылды.

Мектепке Қазақстан Республикасы прокуратура саласында 35 жыл қызмет еткен, Қордай ауданының Құрметті азаматы Нұрғали Балдақбайұлы Смағұловтың аты берілді. Салтанатты іс-шарада бірінші сөз аудан әкімі Бегзат Болатбековке берілді.

350 орындық, екі қабатты ғимаратта 14 кабинет, акт залы, спорт залы, асханасы, кітапханасы және медициналық кабинеті бар. Кең әрі жарық сыныптарда заман талабына сай барлық құрал-жабдықтары бар, алдағы уақытта балалардың қабілетін ашатын түрлі үйірмелер және робототехника кабинеті де жұмыс жасайтын болады.

Мектеп ғимаратының құрылысын 2021 жылы бастап, бүгін қолданысқа бердік. Мектепте 25 оқушыдан 14 сынып оқитын болады. Мұғалімдердің басым көпшілігі педагог-зерттеушілер, олар балаларға қазақ және орыс тілінде білім береді, – дейді директор Шолпан Тоқбергенова.

Жекеменшік мектептердің мемлекеттік мектептерден артықшылығы мұнда оқушылар таңнан кешке дейін білім ордасында болып, мектеп асханасында тамақ ішіп, түрлі үйірмелерге қатысады.

Яғни жұмыс істейтін ата-аналар үшін өте тиімді. Себебі, олар балалардың сабағын дайындауға да басын ауыртпайды. Бәрі жекеменшік мектептің міндетіне жатады. Демек, аудандағы жекеменшік мектептердің санының артуы көпшілік үшін керегі ақ.

Comments (0)
Add Comment