Қордай аудандық мәдениет үйіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін Қордай аудандық Мәдениет үйінің директоры болып Боранбек Елдар Ханжанұлы тағайындалды.

Жаңа басшыны ұжыммен таныстырған аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл директордың қызметіне сәттілік тілеп, алдағы уақытта аудан мәдениетінің даму жолында жұмыла еңбек етуге шақырды.

Боранбек Елдар Ханжанұлы 1997 жылы 30 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, Тамабек ауылында дүниеге келген.

2014-2018 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы, 2020-2022 Ш.Мұртаза атындағы Тараз инновациялық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. 

Еңбек жолын 2016-2017 жылдары режиссер Камат Касеновтің жетекшілігіндегі «Azzaree» театрының алғашқы актері болып бастап, 2018 жылы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында актер, 2018-2019 жылдары «Арай» жастар газетінің тілші, 2019-2023 жылдар аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Редактор», «Бас редактор», «Әдіскер» қызметтерін атқарды.

Республикалық, облыстық жыр мүшайларының жүлдегері. «Дін – ғылымның анасы» атты республикалық жазба ақындар мүшайрасында Бас жүлде, «Сырда туған сырбаз ақын» атты облыстық көркемсөз оқу шеберлері додасында Бас жүлде, «Шынның жүзі – Шер аға» атты облыстық мүшәйрада І орын, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты республиалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдесінің иегері. «Ақыл ойдың алғыры» атты Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай өткен облыстық мүшайрада ІІ орын, «Жырға ғашық жүрегімнің жүгі ауыр» атты аудандық мүшайраның Бас жүлдесін иеленген.

Өлеңдері «Жамбылдың жауқазын жырлары» атты өңірлік жас ақындар кітабына енген. «Жастық жыры» атты жеке шығармашылық жыр кітабының авторы. «Талас ауданына – 90 жыл» мерекелік төсбелгісімен мараппатталған.

 

Comments (0)
Add Comment