Оразкүл Асанғазы тараздық ұстаздармен кездесті

«AMANAТ» партиясы жанынан құрылған республикалық штаб мүшесі Оразкүл Асанғазы Тараз қаласында болып, жұртшылықпен жүздесті.

Штаб мүшесі ең әуелі Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжіне ат басын бұрып, Жаңа Қазақстанды құрудағы референдумның маңызын талқылау мақсатында білім ордасының ұжымымен дидарласты. Сондай-ақ, кездесуге Жамбыл облыстық штаб мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов, Тараз қалалық штабының мүшесі Жанар Орынбаева және «AMANAТ» партиясы Тараз қалалық филиалының атқарушы хатшысы Уәлихан Байдуанов және өзгелер қатысты.

– Президентіміз ұсынған өзгерістер мен реформалардың іске асуына үлес қосу – әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Сондықтан, ел ертеңін айқындайтын тарихи сәтте баршамыз бірігіп, әр қазақстандықты 5 маусым күні жарқын болашақ үшін дауыс беруге шақырамын, – деді Оразкүл Асанғазықызы.

Конституциялық реформа – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды шара. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың сұранысына негізделіп, жалпы қоғамның мүддесін көздейді. Ең бастысы ол өзгерістердің барлығы халықтың талқысына салынып, ой-пікіріне сәйкес референдумда қабылданғалы отыр. Осы орайда Ата Заңның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығын түсіну және ұсынылып отырған түзетулердің байыбына бару қарапайым халық үшін оңай емес. Сондықтан «AMANAT» партиясы жанынан құрылған арнайы штабтың жұмысы аясында еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда.

Comments (0)
Add Comment