Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан!

Бүгін мұсылман жұрты қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін бастады. Қазақстан Республикасы ҚМДБ шешімімен биылғы ораза уақыты бекітілді.
Биыл қасиетті Рамазан айы 11 наурыздан басталады. Сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.

 

Comments (0)
Add Comment