9 қазанда Оралда, Абай даңғылында Lada Priora мен Мercedes автокөліктері соқтығысты. Бұл туралы «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Салдарынан Lada Priora көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 4-бөлімі бойынша (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.