Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды

Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктілер бүгін сағат 11:00 шамасында қолға түскен.

Естеріңізге сала кетсек, 6 тамызда Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадион маңынан 1974 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесіне бірнеше жерден пышақ салынған.

Кісі өлтірді деген күдікпен 1991 жылғы Руслан Қожантаев пен 2001 жылғы Тұрлан Амангелдіге іздеу жарияланған болатын.

Comments (0)
Add Comment