Оралда әйел тізгіндеген көлік 10 жасар қызды қағып өлтірді

Оралда әйел тізгіндеген көлік 10 жасар қызды қағып өлтірді

Оралда Тойота Прадо көлігін тізгіндеген әйел оқушы қызды қағып кеткен, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 қазан күні таңертеңгі уақытта Орал қаласындағы Кердері көшесінің бойында болған. Полицейлердің мәліметінше, қыз жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өткен.

«Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде түрлі дене жарақаттарымен облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілген кәмелетке толмаған қыз есін жимастан көз жұмды», – деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының полиция басқармасы.

Жүргізілген медициналық сараптама жүргізушінің алкогольді ішімдікті қолданбағанын көрсетті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Мән-жайды тексеру барысында қыздың дүкеннен үйге жалғыз қайтып келе жатқаны, оның екінші ауысымда оқитыны анықталды.

Comments (0)
Add Comment