12 тамызда Орал әкімі Миржан Сатқанов журналистермен кездесіп, бірнеше сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды «Мой ГОРОД».
Әкім азық-түлікке айына қанша жұмсайтынын айтты.
«Біз көпбалалы отбасымыз. Алты адам бар. Азық-түлікті әйелім сатып алады және оның айтуынша, бәрі қымбаттап жатыр. Тұрмыстық химия заттарына қанша кететінін айта алмаймын, ал азық-түлікке шамамен 200 мың теңгедей кетеді», – деді әкім.