Әнші Мадина Сәдуақасова жанкүйерлерін түрлі образдармен таңғалдырудан шаршамайды. Өнер иесі желіде тағы да жаңа фотосессиясымен бөліскен. Алайда, бұл жолы әртіс көпшіліктен сөгіс естіп қалды деп жазады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мадина Сәдуақасова елдің қызу талқысына қалған суретін Instagram парақшасында жариялап қойған. Эстрада жұлдызының фотодағы образы халықтың көңілінен шықпады. Қалың көпшілік оның мұндай кейпін көріп, шошып қалғандарын алға тартты. Әншінің өзі де бұл образы аса жараспайтынын жазған. «Кеше өткен Хеллоуин құтты болсын! “ десем аямай сөгесіздер ғой. Сәрсеев түсірген фото осы қорқынышты, түсініксіз мерекеге келетін сияқты. Бүндай болған жараспайды маған, иә», – деп жазды өнер иесі.
Желі қолданушылары Сәдуақасованың фотосына жарыса пікір білдірді. «Иә, жараспайды. Саған қарапайым болып боянбай, өз шашыңмен тік болып тұрған қатты жарасады», «Мадина өзіңіздің әдемі түріңізді шетелге еліктемей, қазақи болып абыройыңызбен жүре берсеңізші», «Хеллоуин деген сөздің аты өшсін, неге қазақ сөздері, қазақ мерекелері құрып қалды ма? Айып етпеңіз сіздің қарапайым түріңізге жететін нәрсе жоқ, табиғи сұлусыз», «Түк жарасып тұрған жоқ. Тіпті қорқынышты десем де болады», «Шошып кеттім ғой. Сізді танымай қалдым», – деп жазіда желідегілер.