Қоныс аударушыларға – кең қолдау

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы №515 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидалары шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерге Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды) жұмыс күші артық өңірлерден (Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда өңірлеріне қоныс аударуға болады.

Мемлекеттік қолдау шаралары келесіні қамтиды:
Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне – отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК (241500 теңге) мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.
Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге субсидиялар растайтын құжаттар негізінде ай сайын бір жыл ішінде бағдарламаға қатысушының карт – шотына ақша аудару арқылы мынандай мөлшерде материалдық көмек беріледі:
Тағы бір айта кетерлігі Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін 1 адам үшін 20 АКЕ яғни 69000 теңге, отбасы мүшелерінің саны 2-4 болса 25 АКЕ – 86 250 теңге, отбасы мүшелерінің саны 5 және одан көп болған кезде 30 АКЕ – 103 500 теңге төленеді.
Ал ауылдық жерлерге қоныс аударғандардарға 1 адам үшін 15 АКЕ – 51 750 теңге,2-4 болған кезде 18 АКЕ – 62100 теңге, 5 және одан көп болған кезде 21 АКЕ – 72450 теңге мөлшерінде беріледі.
Сондай-ақ қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу (сатып алу) және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй беру:
Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс. Жаңа үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 6000-9000 теңгеден басталады.
5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрған үйді жекешелендіруге болады.
Өңіраралық ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген қоныс аударушылар мен қандастардың қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған адамдар және олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ қоныс аударуға жәрдемдесетін жұмыс берушілер.
Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымына және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберуді жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуді қамтиды.
Сонымен қатар 2023 жылғы 29 наурыздағы №27-ө өкімімен қала тұрғындары арасында «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы мен Қазақстан Республикасы Көші-қон саясатының 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде қалалық ақпараттық-түсіндіру тобы құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аталған іс-шаралар жоспарына сәйкес 23 кездесу колледждер мен орта мектептерде ұйымдастырылып, 750-ге жуық адам қамтылды.

Мұратхан Әлімхан

Comments (0)
Add Comment