Онлайн-диктант: iPhone ұтысының нәтижелері

15 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған онлайн-диктантқа 38 500 қазақстандық қатысты. Олардың 6906-ы диктантты 4 және 5-ке жазып шыққан. Stan.kz iPhone ұтысының нәтижесін жариялайды.

Айта кетсек, биыл онлайн-диктанттың мәтіні ретінде жазушы Бейбіт Сарыбайдың шығармасы таңдалып алынған еді. Жазба жұмысының мәтінін тележүргізушілер Мақсат Толықбай, Жанат Бақыт және Анна Данченко оқыды.

Онлайн-диктантты 4119 қатысушы 5-ке жазып шықса, 2798-і жазба жұмысынан 4 деген баға алған. Жалпы диктантқа 38 500 адам қатысқан.

IPhone смартфондарының ұтысының жеңімпаздары кездейсоқ сандардың таңдау тәсілі арқылы іріктелді.

Жаңа смартфондардың иелері: 

Архимед Елеусіз Iphone 13
Едил Муратбаев Iphone SE
Сымбат Сейтжанова Iphone SE

Ескерту: Смартфон жеңімпаздар тұлғаларын растаған жағдайда ғана жіберіледі. 

Біз ана тілін дамытуға үлес қосқаны үшін жазба жұмысының әрбір қатысушысы мен жобаның серіктестеріне алғыс білдіреміз!

Сіздер алдағы уақытта өткізілетін онлайн-диктанттан қапы қалмайсыздар деген сенімдеміз!

Жобаның басты демеушісі – Jusan Bank

Бізді қолдағандар: Ақтөбе, Түркістан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласының әкімдіктері, «Хабар», «Алматы» телеарналары, Dostyk Plaza сауда, ойын-сауық орталығы.

Comments (0)
Add Comment