Қолданылмайтын картаны сақтау салдырынан артық комиссия мен қажет емес қызметтерге ақша төлеуіңіз мүмкін. Сонымен қатар жеке ақпараттардың тарауына себепкер болады. Бұл туралы «Сколково-РЭШ» Қаржылық технология және сандық экономика орталығының зерттеу басышысы Екатерина Семерикова айтып берді, деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
«Мұндай карталар үшін комиссиялар алынып отыруы мүмкін. Әдетте аз мөлшердегі аударымдар тегін қызмет көрсетудің шарты болады. Сонымен қатар операциялар белгілі уақыт аралығында жүргізіліп отыруы қажет. Тегін қызмет көрсету жобасы қосылған картаны қолданған тұтынушы басқа банкке ауысқанда осы секілді жеңілдіктерден айырылады», – дейді Семерикова.
Адамдар банк қызметін пайдаланбауы да мүмкін. Бұған қарамастан алаяқтар жеке ақпараттарға қол жеткізе алатынын маман еске салып өтті.
Бұған дейін «Эквифакс» есие тарихы бюросының басшысы Олег Лагуткин жалақы түсетін карталардың қауіпі туралы айтқан. Банк картаға овердрафт қызметін қосып қоя алады. Яғни есепшотта бар сомадан көп қаржы алынады.