«Ол түскен фильмдерді көрген жоқпын!» Тәуекел Мүсілімнің жары күйеуінің танымалдылығы жайлы айтты. Сөзіне қарағанда, екеуі танысқанға дейін ол Тәуекелді актер ретінде білмеген. Тіпті ол түскен фильмдерді көрмепті, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Есесіне қазір бәрі өзгерді, – дейді Махаббат Мүсілім. – Тәуекелмен танысқанға дейін ол туралы естігенмін, бірақ ешқашан ізін аңдымаппын. Ол түскен фильмдерді де көрген жоқпын. Бірақ оның себебі мен киноман емеспін, оның ішінде қазақстандық фильмдерді көрген емеспін. Бірақ қазір бәрі өзгерді және Тәуекел Мүсілім – менің сүйікті актерім», – деді Махаббат Мүсілім.
Бүгінде 1 жасар Айтөремен декреттік демалыста отырған ол болашақта науқастарды емдеумен айналыспақ.