Қол күресі шеберімен жылы жүздесу

Жамбыл ауданы Айша бибі ауылындағы №7 орта мектепте Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, Жамбыл облысы қол күресі федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы қол күресі федерациясының Жамбыл облыстық филиалының директоры Ильяс Жансакаловпен кездесу өтті.

Ильяс Жеңісбайұлы – ұлттық спортымызды өркендетуге үлес қосып, білікті маман, тәжірибелі жаттықтырушы, спорт шебері, талай жарыстарда жүлделі орындарды қанжығасына байлаған, қазақтың талай баласын спортқа баулыған қол күресі шебері.
Шара барысында И.Жансакалов армрестлинг спортының қыр-сырымен таныстырып, өзіндік тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұшымды жауаптар қайтарды.

Гауһар Тілегенова,
№7 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Жамбыл ауданы

Comments (0)
Add Comment