Оффтейк-келісімшарттар сомасы 7,7 есе өсіп, 1 трлн теңгеге жетті

Биылғы 11 айда отандық өндірушілер 1,1 трлн теңге сомасында ұзақ мерзімді және оффтейк-келісімшарттар жасады. Бұл бытырғы көрсеткіштерден 7,6 есе артық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген жаңа қолдау шараларының тиімділігі туралы Үкіметтің баспасөз конференциялары сериясы шеңберінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады.

Өсімге мемлекеттік сатып алулардағы отандық тауарлар тізбесін 4,8 мың позицияға дейін кеңейту және жер қойнауын пайдаланушылар үшін Tizilim платформасын қайта жаңғырту ықпал етті.

«Біз стандартталмаған тауарларды биржалар арқылы сатып алуды алып тастадық және приоритетті түрде қол жеткізу тетіктерін жетілдірдік. Бұл шаралар ұлттық экономиканың өсуіне берік негіз қалайды», — деп атап өтті Олжас Сапарбеков.

Comments (0)
Add Comment