Облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өтті

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауы өткізілді.
Байқауға Байзақ, Жуалы, Қордай, Меркі, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының, облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының мектеп директорлары, барлығы 13 мектеп басшысы қатысты.
Байқауға облыс бойынша 57 мектеп басшысы қатысты, оның 13-і облыстық кезеңге өтті. Облыстық ІІ кезеңге қатысқан білім беру ұйымдарының басшылары қызметінің нәтижелігі мен парасаттылығын адами құндылықтарды насихаттау жұмыстары, парасатты көшбасшылық қатынастарды қалыптастыру және нығайту бағытындағы жұмыстары сарапқа салынды.
Облыстық «Парасатты көшбасшы» байқауының ІІ кезеңінің жеңімпаздары «Жамбыл адалдық алаңы» ЖО мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының арнайы дипломдарымен, номинациялармен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Нәтижесінде:
1. Жамбыл ауданы, Айша бибі атындағы орта мектебінің директоры Б.Р.Шертаева – Бас жүлде;
2. Тараз қаласы, Төле би атындағы №8 гимназиясының директоры А.Азимбай – І орын;
3. Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің директоры И.А.Спаналиева; облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатының директоры Е.С.Жаксылыкова – ІІ орын;
4. Меркі ауданы, №16 орта мектебінің директоры Г.А.Муратова; Қордай ауданы, М.Жұмабаев атындағы №20 орта мектебінің директоры Н.М.Нуралиева; Шу ауданы, Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының директоры А.Т.Естаева – ІІІ орын;
5. «Қамқор басшы» номинациясы – Т.Рысқұлов ауданы,Т.Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің директоры Е.Т.Кайпулдаев; «Жаңашыл басшы» номинациясы – Жуалы ауданы, Т.Тастандиев атындағы №11 орта мектебінің директоры Г.М.Жорабекова; «Шығармашыл басшы» номинациясы – Сарысу ауданы, М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының директоры К.Д.Сарсекова; «Талапты басшы» номинациясы – Мойынқұм ауданы, №1 орта мектебінің директоры Н.М.Пернебаев; Байзақ ауданы, №6 орта мектебінің директоры К.С.Укибаева.

Comments (0)
Add Comment