Облыстық орталық халықаралық стандартқа сай

Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының бактериологиялық зертханасы, дәріге сезімталдылықты (оның ішінде жаңа және қайта бейінделген препараттар да бар) тексеру үшін сапа бойынша сыртқы бағалаудың халықаралық раундына қатысты.

Сапаны сырттай қамтамасыз ету (ССҚ) жүйесі туберкулез және дәріге төзімді туберкулездің дәл диагностикасын қамтамасыз ету үшін өте маңызды.
Екінші жыл қатарынан Жамбылдың бактериологиялық зертханасы Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының ҚР Ұлттық референс зертханасының және Орталық Азияда туберкулезді жою жөніндегі USAID жобасының (ETICA) қолдауымен өз мүмкіндіктерін ДДСҰ жалпыұлттық зертханасында (Гаутинг Германия) кәсіби түрде сынақтан өткізуде. Бұған дейін бұл іс-шараға ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының Ұлттық референс-зертханасы ғана қатысып келген еді.
Мұның алдында Қазақстан Республикасы Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы және USAID жобасы жаңа және қайта бейінделген препараттарды енгізу бойынша үлкен жұмыстар жүргізді, ДСТ бойынша тренингтер өткізіп, стандартты жұмыс тәртібін және нұсқаулықтарды әзірлеп, көптеген онлайн консультациялар ұйымдастырды. Осы аталған жұмыстарға Жамбылдың бактериологиялық зертханасының мамандары белсенді қатысып отырды.
Жамбылдың бактериологиялық зертханасы туберкулезді, оның ішінде дәріге төзімді формаларын уақытылы және нақты диагностикалау жағынан жоғары кәсіби білігін дәлелдеді және кәсіби емтиханнан өткендерін растайтын халықаралық сертификатқа ие болды.

Аман Есен

Comments (0)
Add Comment