Облыс әкімі жамбылдықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев аймақ тұрғындарын ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтап, жолда мұқият болуға шақырды. Сонымен қатар төтенше жағдайларды болдырмау мақсатымен қала және аудан әкімдеріне, коммуналдық қызмет басшыларына нақты тапсырмалар бергенін айтты. Бұл туралы өңір басшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Құрметті облыс тұрғындары!

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері ауа-райының күрт нашарлауы күтілуде.
Қатты жел тұрып, түнде ауа температурасы -25, -35 градусқа дейін төмендейді, соған сәйкес, көру төменділігі мен көктайғақ болады деп болжануда.

Осыған орай, автокөлік жүргізушілерін жолдар мен асуларда өте мұқият болуға шақырамын.
Үлкен кісілер мен балалар жарақатының алдын алу үшін олардың уақытша сыртқа шықпағаны маңызды.
Өңірдегі жылумен қамту және газ инфрақұрылымы нысандарының жұмысын, автожолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарының қардан уақытылы тазарту мәселелерін жеке бақылауымда ұстаймын.
Облыстық және қалалық коммуналдық қызметтерге тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып, күшейтілген режимде жұмыс істеуге қатысты нақты міндеттер жүктедім.

Облыстың аудандары мен қала әкімдіктеріне, төтенше жағдайлар департаментіне тұрғындар арасында қауіпсіздік техникаларын сақтау бойынша жан-жақты ақпараттық, түсіндіру шараларын ұйымдастыруды тапсырдым.
Қандайда бір төтенше жағдайлар туындайтын болса, «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз.
Сақтық шараларын ұстанып, абай болыңыздар!»  — деді Ербол Шырақпайұлы өз жазьасында.

Comments (0)
Add Comment