Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданы Жаңатас қаласына барып, қарлы дауылдан кейінгі жағдаймен танысты.
Аймақ басшысы алдымен «ЖаңатаСуЖылу» МКК қалыпқа келтіру жұмыстарын тексерді.
Сондай-ақ, қатты желден құлаған электр бағаналарын көріп, оларды жөндеу боййынша жауаптыларға тапсырмалар жүктеді.
Д.Қонаев атындағы орта мектебінде болған облыс әкімі қаладағы екі-үш оқу ордасын жылытуға барынша көңіл бөлу керектігін баса айтты. Ол үшін арнайы генераторлар пайдаланылады. Бұл мектептер жылыту пунктері ретінде дайын тұруы маңызды.
«Шахан» қосалқы станциясына барған Нұржан Нұржігітов қаланы ең алдымен электр энергиясына қосу керектігін жеткізді.
Қазіргі кезде электр желілерін реттеу жұмыстарына 10 бригада жұмылдырылған.
Аймақ басшысы бұл жұмыстарды 2-3 сағатта аяқтауды тапсырды.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі