Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жамбылдықтарға үндеуі

Құрметті жерлестер!

Қазір өңірімізде жағдай тұрақталды. Бірақ, қауіп түгелдей сейілген жоқ. Қылмыскерлерді толығымен құрықтау, бүлікшілердің жолын кесу бойынша әскери операциялар жалғасуда. Бұл орайда, енгізіліп отыр-ған шектеу шараларын барынша сақтап, түсіністік танытуларыңызды сұраймыз.
Облыс тұрғындары ауыз сумен, жылумен, жарықпен және қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуде.
Азық-түлік қоры жеткілікті, жанармайдан тапшылық жоқ.
Бізге елдің бүтіндігі, мемлекетіміздің болашағы бәрінен де маңызды.
Дамуымыздың негізі саналатын қоғам тыныштығын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ.
Заңсыздыққа жол берілмейді.
Балаларыңызға бас-көз болып, үйден шықпауын қадағалаңыздар. Қандай да бір күдіктілерді байқасаңыз- дар полицияға 102 номеріне бірден хабарлаңыздар.
Қаруларыңыз болса жауапты органдарға тез арада өз еріктеріңізбен тапсырыңыздар!
Баршаңызды арандатушыларға ермеуге, жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз.
Қадірлі жамбылдықтар! Сын-сағатта жергілікті билікті қолдап, сабырлық танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Біздің күшіміз – бірлікте екенін ұмытпайық!

Бердібек САПАРБАЕВ,

Жамбыл облысының әкімі

Comments (0)
Add Comment