Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Қазақ газеттері» АҚ бас директоры Дихан Қамзабекұлымен кездесті.
Кездесуде аймақ басшысы өңірдің рухани, мәдени дамуы, алдағы жоспарлар туралы қысқаша әңгімеледі.
Өз кезегінде Дихан Қамзабекұлы Жамбыл облысының оң өзгерістер мен өзекті мәселелері де “Қазақ газеттері” тарапынан тұрақты түрде жарияланып келе жатқанын жеткізді.
Тараптар мерзімді басылымдардың аудан, ауылдарға жеткізілуін ұйымдастыру, газеттерде жарық көрген мәселелерді назарға алу және өзге де мәселелер жөнінде ой алмасты.