Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ардагер, белгілі журналист, қазыналы қаламгер, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Баттал Жаңабаевтың шаңырағына барды.
Аймақ басшысы 95 жастағы ақсақалдың өмірі бүгінгі жас буын үшін үлгі-өнегеге толы екендігін атап өтіп, ұзақ жылғы жемісті еңбегін, өңірдің руханият, журналистика саласына қосқан үлесінің мол екендігін айтып, қазыналы қарияға құрмет көрсетті.
Өз кезінде ардагер-қаламгер ризашылығын жеткізіп, аймақтың алға дамуын, елдің амандығын, тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.