Қоқыс жәшігінен табылған мәйітке қатысты күдікті ұсталды

Осыдан екі күн бұрын Шымкент қаласындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен әйелдің жансыз денесі табылған болатын. Полиция күдіктіні ұстады, деп жазды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаменті хабарлағандай, аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Іздестіру шараларының барысында 1970 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу сатысында екенін атап өтті.

 

Comments (0)
Add Comment