Жаз мезгілі басталысымен қалада құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан тұрғындардың жөнсіз әрекеті азаймай отыр.
Осыған орай, қала әкімінің аумақтық бас инспекторлары мен учаскелік полиция қызметкерлері шаһар көлемінде жеке және заңды тұлғалардың күл-қоқыс пен құрылыс қалдықтарды белгіленбеген орынға төгудің алдын алу, анықтау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуде.
Айталық, ағымдағы жылдың мамыр айының 1 мен 8 тамыз аралығында 623 кемшілік анықталып, 598 тұрғынға ескерту берілсе, 25 тұрғынға айыппұл салынған. Айыппұл сомасы 496 300 теңгені құрайды.
Алайда айыппұл көлеміне қарамастан күл-қоқысты тиісті орынға апармай, шашып кететін қала тұрғындары әлі де азаяр емес.
Құрметті қала тұрғындары!
Қаланың таза болуы әрбір адамның жанашырлығын қажет етеді. Сондықтан барынша тазалықты сақтайық!
Нұрперзент Туғанбай