Оқушылар арасындағы патриоттық форум

Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын  білдіреді. Еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерімізге биыл – 30 жыл. Рәміздерді  қастерлеп, құрметтеу бәріміздің қасиетті парызымыз!

 

Тараз қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №30 мектеп-гимназиясында Рәміздер күніне орай «Ұлы дала елінің рәміздері жасасын!»  атты қалалық патриоттық форумы өткізілді.

Форумға қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, білім беру ұйымдары директорларының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Адал ұрпақ», «Өзін-өзі басқару» ұйымы және «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары, жалпы саны 450-ге жуық адам қатысты.

 

Іс-шара барысында көшбасшы оқушылар «Отанымның ұлттық белгілерінің шығу тарихы» атты тарихи деректерге сүйене отырып сахналық қойылым  қойды. Сонымен қатар, патриоттық ән шырқап, өлең оқыды. Шара соңында балғындар мемлекеттік рәміздер туралы өз ойларын ортаға салды.

Comments (0)
Add Comment