Оқу инемен құдық қазғандай..

Технологиялық оқу кешенінде орналасқан М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік университетінің кітапханалық-ақпараттық орталығын іздесеңіз, адаспай табасыз. Кітапхана алдында ерекше инсталляция бірден көзге түседі.

«Оқу – инемен құдық қазғандай» екенін еске салатын инсталляцияның қабырғасы ескі кітаптардан қаланған. Архитектуралық сипатында мін жоқ. Үлкен қажыр-қайратпен жасалғаны көрініп тұр. Ерекшесимволдық «ескерткіштің» авторлары – кітапханашылардыңөздері!

Жалпы университет кітапханасы еліміздегі ең таңдаулы бестіктік қатарына енген. Орталықтың оқу залдарында тағы бір ерекше зал бар. Кітапханашылар ондағы ескі жиһаздардың барлығы заманауи үлгіде қайта жаңғыртып, креативті зал ретінде қайта жаңғыртқан.

Comments (0)
Add Comment