Оңтүстік Кореяда қаза тапқандардың саны 154 адамға жетті

Сеул қалалық полиция департаментінің мәліметінше, сенбіге қараған түні қыспақ салдарынан кем дегенде 154 адам қаза тапты, деп хабарлайды Экспресс К BBC агенттігіне сілтеме жасап.

Қайтыс болғандар арасында 98 әйел, 58 ер адам бар.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, опат болған 153 адамның жеке басы анықталып, олардың жақындарына хабар берілді. Бір марқұмның кім екені әлі анықталып жатыр.

Төтенше жағдай кезінде тағы 133 адам зардап шеккен. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 37 адам ауыр жарақат алған.

Comments (0)
Add Comment