«О дүниеде де, бұл дүниеде де разы емеспін»: Алматы облысының тұрғынын бес баласы бірдей тастап кеткен

Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғынын бес баласы тастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апа балаларын бағып-қағу үшін базарда сауда жасап ақша тапқан. Кейіннен балалары аяққа тұрған соң аналарынан тек ақша дәметкенге ұқсайды. Бұл туралы Көреміз YouTube арнасы хабарлайды.

Алматы облысы, Қарасай ауданының тұрғыны Сәрсенкүл Прекешова 60-тан асқан шағында қараусыз қалды. Айтуынша, бес ұлы, он алты немересі бар. Бесеуі де анасынан теріс айналып, бес жаққа кеткен. Тіпті үлкен ұлы қолына алудың орнына кетерінде анасының қолын сындырып кеткен көрінеді.

Сәрсенкүл Прекешованың айтуынша, басындағы баспанасын бермегені үшін балалары оны керексіз етіп тастап кеткен. Апа балаларын бағып-қағу үшін базарда сауда жасап ақша тапқан.

Кейіннен балалары аяққа тұрған соң аналарынан тек ақша дәметкенге ұқсайды.

Бірақ, телеарна журналистеріне олар аналарын не үшін тастап кеткендерін мүлде айтпай қойды. Сөйлесуден бас тартты. Ал көршілері Сәрсенкүл апа мінезді болғанын, кейде ішетінін жасырмады.

Балалары аналарына ішуді қоюды сұрағанмен, аналары ішімдіктен бас тарта алмапты. Балаларына күйінген Сәрсенкүл апа:

«Қазір менің денсаулығым, жағдайым жоқ. Балаларым маған алимент төлесін. Мен оларды жетілдірдім. Бар жағдайын жасадым. Құдай берсін жазасын. Мен балаларыма разы емеспін. О дүниеде де, бұл дүниеде де разы емеспін», – деді апа.

Comments (0)
Add Comment