Қоғамды толғандырған өзекті де өткір сауалдарға нақты жауап бергені қуантты

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел газеті – «Егемен Қазақстанда» «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбат барысында Президентіміздің қоғамды толғандырған өзекті де өткір сауалдарға нақты жауап бергені қуантты.
Әуелі Мемлекет басшысы өткен жылы атқарылған ауқымды жұмыстарға тоқталып, биыл қолға алынуы тиіс ілкімді істерге де назар аударды. Айталық, Ұлу жылы ұлы тұлғаларымыз ұлықталатын жыл болмақ. Бұл жөнінде Президент: «Ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсету дәстүрі еліміздің жалпыұлттық бірегейлігін нығайта түсуге зор септігін тигізеді. Биыл әйгілі ғалым Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125, даңқты батырлар Сағадат Нұрмағамбетов пен Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толады. Сонымен қатар тарихшылардың пайымдауынша, Жошы ұлысының іргесі қаланғанына – 800 жыл. Мемлекет тілігіміздің тамыры тым тереңде жатқанын әйгілейтін осы айтулы датаға орай кең ауқымды зерттеулер қолға алынады. Биыл Қазақстан тарихының көптом¬дығын әзірлеу жұмыстарын да аяқтаймыз. Бұл – өзімізден 200-ден астам, шетелден 60-қа жуық маман жұмылдырылып, тыңғылықты жасалып жатқан үлкен шаруа», – деп, осындай маңызды оқиғалардан бөлек, күнделікті атқарылуға тиіс жұмыстар да аз еместігін, сондай-ақбұл жылдың ел тарихында қандай орын алатыны барша азаматымыздың ерік-жігеріне де байланысты екенін баса айтты.
Бұдан бөлек сұхбатта Қаңтар оқиғасы, сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарымыз, экономикалық даму, саяси реформалар сынды өзекті мәселелер көрініс тапты. Бір сөзбен айтқанда бұл сұхбат көптің көкейіндегі көп сауалға жауап берген мазмұны әңгіме болды.
Президент сұхбатын оқыңыздар!
Comments (0)
Add Comment