Қоғамдық кеңесте білім мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы қаралды

Бүгін, «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық филиалы жанындағы білім мен денсаулық жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасындағы білім мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы жөніндегі көрсеткіштердің орындалуы туралы мәселе қаралды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Мекемелердің материалдық-техникалық жабдықталуы бойынша білім бөлімі басшысының орынбасары Қойбақова Сәуле Әділжанқызы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ол өз сөзінде мектептерді жабдықталған жаңа модификациялы кабинеттермен қамтамасыз ету үшін 2021 жылға 153 458,5 мың теңге қарастырылғандығын атап өтті. Қазіргі уақытта кабинет жабдықтары жеткізіліп, орнату жұмыстары жүргізілуде.

Білім мекемелеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылдың жоспарына сәйкес 7 мектепке турникет орнатылған. Мектеп ғимараттарына ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізуге 191 266, 3 мың теңге қаражат қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылған.

Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуге 31 136,0 мың теңге қарастырылып, қажетті оқулықтар алынып берілген.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан білім мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуына талдау жасай отырып, қажетті жабдықтарға уақтылы тапсырыс беру, жоспарланған кабинет жабдықтарының уақтылы жеткізілуін қадағалау, жол картасындағы көрсеткіштердің орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу және т.б. бірқатар ұсыныстар берілді.

Comments (0)
Add Comment