Қоғамдық көлік мәселесі қашанда зор сұранысқа ие. Тұрғындар тарапынан да жиі көтерілетін сауалдардың көпшілігі осыған байланысты. Осыған орай қала тұрғындарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында №19 бағыты «Шалғай Қарасу» алқабына, №55 және №28 бағыттары «Ұлы Дала» (15) ықшам ауданына, №12 және №34 бағыттар «Родничок», «Қайнар» алқаптарына дейін созылды. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан жиі наразылық туындаған «Шөлдала», «Құмшағал» алқаптарына қызмет көрсететін №54 бағыттың кесте саны 5-ке дейін көбейтіліп, жүру аралығы 20 минутқа қысқартылса, қосымша 3 кестемен «Құмшағал», «Көлтоған» алқаптары-Темір жол вокзалы бағытында қызмет көрсетуді бастады. «Автомобиль көлігі туралы» ҚР Заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес 1 наурыздан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға тегін жол жүруге, ал 15 жастан 18 жасқа дейінгі адамдардың жол жүру құжатының (билетінің) толық құнының елу пайызын төлей отырып, жол жүруге қолжетімділікті қамтамасыз етуде.
Бұдан бөлек ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап «Smart City Servise» ЖШС-гі қызмет көрсетіп отырған №9 маршрут бағыты көптеген тұрғындар сұранысына байланысты «Арай», 1 маусымнан бастап «Шаңырақ» алқабына дейін созылды. Жолаушы бағыттарын ашу аясында «Саяхат-99» ЖШС тарапынан №20 бағытқа, «ТаразТрансМоторс» ЖШС тарапынан №10 бағытқа, «Smart City Servise» ЖШС-гі тарапынан №56 бағытқа қызмет көрсету басталды. Сондай-ақ ағымдағы жылы қала аумағына 36 дана аялдама орнату үшін қала бюджет есебінен 95,2 миллион теңге қаржы қаралды.
Айта кетерлік жайт, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «RusStroy» ЖШС-мен 21 аялдама орнату жұмыстары үшін құны 32,5 миллион теңгеге шарт жасалды. Бүгінде аялдамалар толығымен орнатылып, орнатылған аялдамалардың шатырын жабу, орындықтарын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар «Строительная компания NSN» ЖШС-мен 15 аялдама орнату жұмыстары үшін құны 28,6 млн. теңгеге шарт жасалды. Бүгінде орнатылған аялдама саны – 12. Жұмыстар бірер күнде толық аяқталады. Бұған қоса 9 бірлік жарықдиодты таблоларды орнату жұмыстарына бюджет есебінен 17 миллион теңге қаржы қаралып жеңімпаз мердігер «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС тарапынан монтаждау жұмыстары тәмамдалды.
Автопарктердегі жылжымалы құрамдарды жаңарту жұмыстарына келсек, бұл бойынша ағымдағы жылы 38 бірлік жаңа автобустар жеткізілді. Атап айтқанда, «Автобус паркі-2020» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы 20, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС-мен «ZHONG TONG» маркалы 3 бірлік «ПАЗ» маркалы 5, «Smart City Servise» ЖШС-мен «Golden Dragon» маркалы 10 бірлік автобустар жеткізілді. Сонымен қатар, «СапарТранс-2012» ЖШС тарапынан кемінде 10 бірлік Yutong маркалы автобустарды қыркүйек айында жеткізу қолға алынса, «ӘулиеатаТрансПасс» ЖШС тарапынан жыл аяғына дейін қосымша 15 бірлік автобус жеткізу жоспарда бар. Сонымен қатар «Smart City Servise» ЖШС-мен 60 бірлік автобус жеткізуге қатысты меморандум жасалды.