Қоғамдық автобуста отырып сабақ оқыған оқушы көптің жүрегін елжіретті

Қоғамдық көлікте отырып сабақ оқыған оқушы балаға жұртшылық тәнті болды. Ең қызығы, автобус іші жолаушыларға лық толы. Ал кішкентай балақай бос орын болмаса да сабақ оқудың жолын тапқан, деп хабарлайды Экспресс К

Жолаушылар тасымалдайтын көлік ішіндегі видеоны ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады. Онда автобустың артқы орындығы арқылы артына өтіп алған оқушы еш алаңсыз сабақ оқып отырады.

Мұны көрген желі қолданушылары баланың білімге деген құштарлығына риза болып, оған сәттілік тіледі.

 

«Қазақстанның болашағы осындай жас буынның қолында», «Қазіргі балалар ақылды», «Үйде ойнауға уақыт көп болуы үшін осылай сабағын орындап отыр ғой», «Ақылды екен өзі», «Мәссаған, жарайсың! Сабаққа деген махаббаты ұрып тұр. Жазбай барып ұрыс естігенше, автобуста болсын үй тапсырмасын орындаған дұрыс», «Осындай бала өскенде адам болып, мақсатына жетеді», «Жаным-ау, отырысын қарашы. Жүрегім езіліп кетті ғой» деп жазды желі қолданушылары.

Видео қай өңірде түсірілгені туралы әзірге ақпарат жоқ.

Comments (0)
Add Comment