Ш. Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен «Қоғам айнасы: Заң және біз» атты талқылау алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтар мен құқық қорғау органдары арасындағы ашық диалогты нығайту болды.
Кездесу барысында құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды.
Қатысушылар өзекті сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен пікір алмасу қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді арттыруға, заң үстемдігін насихаттауға бағытталды.
Мұндай мазмұнды кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеріп қана қоймай, ортақ жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.