Ғаламторда Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің Ұлыбританияның Лондон қаласына көшкені туралы ақпарат тарап жатыр деп хабарлады «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Нығматулиндер отбасына тиесілі барлық нысандар мен бизнестер сатылымға шығарылды», – деп жазды Haqnazar Arnasy телеграм-арнасы.
Тарап жатқан ақпаратқа сүйенсек, Нұрлан Нығматуллин шет елге өзі ғана емес, отбасымен бірге аттанған көрінеді.