«Nur Otan» Саяси кеңесі бюросының қаулысымен (Жарғының 9.5-тармағына сәйкес) 27 қаңтарда партияның Саяси кеңесінің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өзінің Twitter-парақшасына жазды.
Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирусқа байланысты шектеу шараларын ескере отырып, «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI съезінің онлайн форматта өтетіні хабарланған болатын.