Әншілердің Instagram-дағы бір жарнамасының құны – миллион теңге

Бүгінде Instagram танымал әншілердің екінші табыс көзіне айналған. Олар біреудің кәсібін жарнамалау арқылы қалталарын қалыңдатып жүр, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

Instagram желісінде оқырман саны ең көп әншілердің бірі — Ерке Есмахан. Қазір Еркенің бұл желіде 6 милллионға жуық оқырманы бар. Парақшасындағы жарнама құны 1 миллион теңгеден басталады екен. Әнші көбіне киім-кешектерді жарнамалайды.

instagram.com

Қазақтың «Төреші» атанып кеткен белгілі әнші Төреғали Төреәлі де бір пост үшін аз ақша сұрамайды. Жарнама құны — 1 миллион теңге. Ал сторисі 500 мың теңге тұрады.

Әнші Аша Матайға жарнамаға ұсыныстар көп түседі екен. Ол, әсіресе, косметика, киім, жиһаздарды жарнамалайды. Бұл үшін өнер иесі бір миллион теңге талап етеді. Алайда әнші кез келген заттың жарнамасын асырмас бұрын тексеріп алады.

Жақында актер Жахан Отарғалиев Instagram-ның арқасында тіпті үй салып, жаңа көлік сатып алған. Алайда ол бір ай бұрын кино түсіру үшін зәулім үйін 65 миллион теңгеге сатты. Қазір актер отбасымен бірге айына 400 мыңға пәтер жалдап тұрып жатыр.

instagram.com

Бұрын табысты тойдан табатын едім. Ал дәл қазіргі уақытта менің табыс көзім — Instagram. Екі миллион екі жүз мың оқырманды еңбектеніп жинадым. Stories бөлімін 400 мың адам қарау үшін, күніне бірнеше қызық видео түсіру керек,

— дейді актер Жахан Отарғалиев.

Әзілкештің желідегі жарнамасының құны — 500 мың теңге. Ал сторисі 250 мың теңге болады.

Comments (0)
Add Comment