Әнші Мақпал Исабекова ауыр дертке шалдыққанын айтып жылады

Әнші Мақпал Исабекова Айнұр Ілиясовға берген сұхбатында дәрігерлердің қойған “Аденома гипофиз” диагнозы расталғанын айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Дәрігерім анализ нәтижелеріме қарап менің бала көтере алмайтынымды айтты. Мен жыладым. Кейін ол емделуге болатынын айтып, жұбатты. Денсаулығымда тексеру үшін МРТ жасату керек болды. Аппаратқа жатқызар кезде мен клаустрофобиямен “ауыратынымды” түсіндім. Жылап, қол-аяғым дірілдеп есім шықты. Төртінші рет барғанда ғана аппаратқа жатуға келістім. Маған қойған гипофиз микроаденомасы диагнозы расталды.

Түсінгенім бойынша, аденома деген ісік, бірақ қатерлі емес. Ол емделеді, дегенмен ісікті тек ота арқылы ғана толықтай жоюға болады. Бұл диагноз адамдарда жиі кездседі”, – дейді әнші.

Қазіргі уақытта аяулы жар, бір баланың анасы болып отырған өнер иесі аталмыш дертпен бір жылдай уақыт күрескенін айтады.

“Жүктілігімнің төртінші айын желшешекпен ауырдым. Дәрігерлер маған ұзақ уақыт диагноз қоя алмады. Абырой болғанда, балаға кері әсерін тигізбеді. Дегенмен, бұл ауру да мені уайымға салды”, – деп жүктіліктің оңай өтпегенін жасырмады.

 

Comments (0)
Add Comment