Әнші Ayree сүйіктісін көрсетті

Қазақстандық танымал әнші Ayree-дің таңдауы «Музарт life» тобының әншісі Серікболсын Кішкенбаевқа түсті деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы мәлімет әлеуметтік желілерде тарады.

Осы уақытқа дейін Тимур Балымбетовке берген сұхбатында Айри сүйіктісінің өнер адамы екенін айтқан еді. Алайда, ол кезде әнші жігіттің есімін атаудан бас тартқан.

Қос әншінің қарым-қатынасы Серікболсынның туған күн кешінде жария болды. Айри мен Серікболсын елдің алдына бірге шықты.  Қос ғашық көпшіліктің алдында қол ұстасып, сезімдерін жасырмады. «Музарт Life» мүшесінің жеке мерекесіне келген жұлдызды меймандар енді ғашықтардың үйлену тойына келуге ниет білдірді.

Comments (0)
Add Comment