Өнерпаз ардагерлер арасындағы аламан

Өнерпаз ардагерлер арасындағы аламан

Жамбыл облысы әкімінің қолдауымен және облыстық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жеңіс туы желбіресін» атты ардагер өнерпаздардың облыстық байқауы өткен болатын. Соған орай Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде аталған байқауда іріктелген өнерпаздардың гала-концерті көпшілік назарына ұсынылды.

Шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова қатысып, ақжарма тілегін арнады.
– Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың өскелең ұрпақ үшін орны бөлек. Әрқайсыңыздың қаламыздың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер. Қашанда игі істердің басынан табылып, жақсылықтың жаршысы болып келесіздер. Зейнет демалысына шықсаңыздар да қоғамдық жұмыстардан бір сәтке де қол үзген емессіздер. Ардагер өнерпаздардың облыстық байқауына белсене атсалысуларыңыз да – осы сөзімнің айқын айғағы. Осының өзі өскелең ұрпаққа таусылмас тағылым екені даусыз, – деген Гүлдана Әлімжанқызы қарттарға қолдау көрсету әрдайым жалғаса беретінін жеткізді.
Келесі кезекте Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Күләш Әбдікешова сөз сөйлеп, байқау жеңімпаздарына марапаттарын табыстады.

Гүлдана ЖҰМАДІЛ,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
6В03212-«Конвергентті журналистика»
білім беру бағдарламасының 4 курс студенті

Comments (0)
Add Comment