Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылының тұрғыны зейнеткер Оралова Мәдениет апамыз да келіп дауыс беріп, арнайы сыйлыққа ие болды. Ал Мирный ауылының әжелері ауылдастарын таңдай қақтырып, референдум учаскесінде күй шертіп, ән салды. Осылайша көтеріңкі көңілмен басқалардың да көңілін көтере білді.
Референдум – азаматтардың елді басқаруға қатысуының қуатты құралы. Бұл өз пікірін білдіру және ел болашағына әсер ететін шешімге әсер ету мүмкіндігі. Мұндай тақырыптарды талқылау шешім қабылдауға жауапты көзқарасты қалыптастырады және демократиялық процестерді нығайтады. Референдумдар нәтижесінде шикі шешімдердің алды алынып, наразылық пен түсініспеушілік бтуындамайды. Үкімет пен халық арасындағы сенімді дамытуға және нығайтуға ықпал ететін болашақ саясатты әзірлеу кезінде референдум нәтижелерін ескеру маңызды. Бұл үдеріс Қазақстанның алдында тұрған міндеттерді неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл жасауға және бірлесіп шешуге жағдай жасайды.