Өнерлі өрендер – Жаңа Қазақстанның жарқын келбеті

Бүгінде гимназиялардағы үйірме жетекшілерінің жыл сайын қосымша білім беру жүйесінің жұмысы туралы ата-аналар мен педагогикалық ұжым алдында есеп беруі дәстүрге айналған.

Осыған орай «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде гимназиядағы оқушыларды жетістікке бағыттайтын үйірмелердің шығармашылық есеп беру концерті өтті.
Ашық аспан астында өткізілген «Өнерлі өрендер – Жаңа Қазақстанның жарқын келбеті» атты шығармашылық концертке 450 оқушы қатысты.
Шара барысында домбыра, вокал, хореография, драма, каратэ, таэквондо үйірмелері сахнада шығармашылық нөмірлер арқылы есеп берсе, қолөнер, сәулет, сурет үйірмелері қатысушыларының жұмыстарын көрермендер арнайы жабдықталған көрмеден тамашалады.
Сондай-ақ осы күні Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында «Қазақстан – бақытты балалар мекені» концерттік бағдарламасы, Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Мен жастарға сенемін» жастар кеші, «Қант зауыты» алқабындағы «Даңқ» аллеясында асық ату, арқан тарту, дартс, гір тасын көтеру бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Мұндай мәдени-көпшілік іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Жұматай Көксубай

Comments (0)
Add Comment