Өнеркәсіпте 7,5 млрд теңгенің өнімі өндірілді

Т.Рысқұлов ауданының қаңтар-мамыр айының қорытындысымен әлеуметтік экономикалық дамуы және бюджеттің атқарылуы ойдағыдай орындалып отыр. Нәтижесінде аудан экономикасының негізгі көрсеткіштерінің басым бөлігінде оң динамика қалыптасты.

Жалпы шығарылған өнім көлемі қаңтар-мамыр айына 18,2 млрд.  теңгені  құрап, 3,3 млрд. теңгеге (122.1%) артық орындалып отыр. (2024 жылы 14.9 млрд. теңге). Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,3 млрд. теңгені құрап, 100,4%-ға орындалған (2024 ж. 6,3 млрд. теңге, 102,0%).  Өсімдік шаруашылығы 100,0%-ға (2024 ж. 0,03 млрд. теңге, 100%). Мал шаруашылығы 100,4%-ға (2024 ж. 5,197  млрд. теңге, 108,1%).

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,9 млрд. теңгені құрап, 135,1%-ға орындалды (2024 ж. 2,8 млрд. теңге, 92,4%).

Құрылыс көлемі 2,5 млрд. теңгені құрап, 159%-ға орындалды (2024 ж. 1,5 млрд. теңге 106,6%). Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 3478 шаршы метрді құрап, 106,6%-ға орындалды. (2024  ж. – 3262  ш/м 102,5%).

Бөлшек сауда тауар айналымы 3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105,2% деңгейінде қалыптасты (2024 ж.
1,5 млрд. теңге, 103,4%).

Дегенмен, бір көрсеткіш белгіленген межеге жеткен жоқ, ол өнеркәсіп өндірісінде 7,5 млрд. теңгенің өнімдері өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда 2 млрд. теңгеге артық орындалғанымен (2024 жылдың тиісті кезеңіне 5,5 млрд. теңге), НКИ 86,4%-ға орындалған.

Доре қорытпасын өндіру көлемін 2024 жылмен салыстырғанда  төмендеу күтілуде.  Төмендеудің негізгі себебі  жүкті өндіру көлемінің  өсуі  болып табылады.    Көкқия кен орнын игеру бос тау жыныстарын  жою бойынша тау-кен жұмыстарының  тұтас кешенін жүзеге асыруды талап ететін ашық әдіспен тау-кен өндіру әдісімен жүзеге асырылады. Карьерді тереңдету жұмыстары  көлемінің ұлғаюына әкеледі. Өз кезегінде табиғи ортаның өсуі тау-кен массасының сұйылуына, пайдалы  компонент (алтын)  құрамының  төмендеуіне және Доре қорытпасы өндірісінің  төмендеуінен.

Comments (0)
Add Comment