Өнеркәсіп өркендеп келеді

2023 жылдың қаңтар-маусым айларында статистика басқармасының есебі бойынша, Тараз қаласында тіркелген кәсіпорындардың жалпы саны – 8 357, оның ішінде шағын – 8 175, орта – 130 және ірі 52 бірлікті құраса, нақты жұмыс істейтіндер саны – 6 421, шағын – 6 239, орта –130 және ірі – 52 бірлік.

Тараз қаласында өнеркәсіп саласы дамуының көрсеткіштерінде айтарлықтай өсім байқалады. Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айларында қала кәсіпорындары 260 миллиард 146,3 миллион теңгенің өнімін өндіріп, нақты индекс көлемі 107,6 пайызды құраған. Яғни өткен жылмен салыстырғанда 21 милллиард 853 миллион теңгеге артық өнім өндірілген. Ал халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 608,6 мың теңге болып қалыптасты.
Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Қазфосфат» ЖШС-нің Жаңа Жамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауыттарын қоса алғанда, жалпы 130 миллиард теңгенің өнімдерін өндірген. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 116,5 миллиард теңге болған еді. Демек, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 13,5 миллиард теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 50 пайызды құрады.
Тамақ өнеркәсібі саласында «Тараз қант зауыты» ЖШС, «Қант» АҚ, Қордай ауданындағы «Фудмастер» ЖШС тағам өндірістік кәсіпорны, Байзақ ауданындағы «Жамбыл құс» ЖШС, Шу ауданындағы «KAZCom-K» ЖШС – диірмен, «Меркі қант зауыты» – агроөндірістік кәсіпорын. «Меркі май-ірімшік зауыты» АҚ, «Бурный сүт-ірімшік зауыты» АҚ, Тараз қаласындағы «Палванов» ЖК және «Төлебай май-2007» ЖШС өсімдік майын сығып, ыдысқа құятын май зауыттары, «Тараз» сервистік дайындау орталығы тағы сол сияқты өндірістік кәсіпорындары кәсіпкерлерінің іскерлігінің нәтижесінде ет, сүт өңдеу, сұйық май, ұн, нан өнімдерін өндіретін кәсіпорындар мен көкөніс өсіретін жылы жайлар іске қосылған. Облыс шығарған өнімдерінің сапасы республика көлемінде жоғары бағаланып, облыс экономикасын көтерумен қатар тұтынушылардың қызығушылығын арттырып келеді. Сонымен қатар Тараз қаласында ет өңдеу зауыты салынуда.
Сондай ақ, қала аумағында өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында 2023-2024 жылдары жалпы құны 32,2 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл жобалар іске асырылғанда 884 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Бұдан бөлек, шаһар аумағында «Тараз» ӘКК» АҚ-да 100 пайыз сенімгерлік басқаруымен «Тараз» индустриялық аймағы» ЖШС жұмыс істеуде. Оның жалпы ауданы 184 гектарды құрайды.
Бүгінгі таңда қатысушылар ретінде 82,1 миллиард теңге сомасын және жалпы көлемі 68,1 гектарды құрайтын 9 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде 2023 жылы құны 822 миллион болатын 4 жоба іске қосылады деп күтілуде.

Айдын Алтай,
Тараз қаласы әкімдігі кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы

Comments (0)
Add Comment