Сарысу ауданының әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштерінің орындалуында оң динамика қалыптасқан. 2025 жылдың қаңтар-мамыр қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасты.
Атап айтқанда:
1) «Өнеркәсіп өндірісінің көлемі» – 49 млрд. 421 млн. теңгені құрап, жоспар 101%-ға артығымен орындалатын болады (2024 ж. – 33 млрд. 775,3 млн. тг, НКИ – 100,1%);
2) Ауыл шаруашылығы саласында – 2 млрд. 820 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Көрсеткіш 101%-ға артығымен орындалады (2024 ж. – 2 млрд. 792,5 млн. тг, НКИ – 106,7%);
3) 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 60 млрд. 21 млн. теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстарға 495%-ға жетіп, жоспарды 5 есе артық орындадық (2024 ж. – 10 млрд. 931,6 млн. тг, НКИ – 72,9%);
Анықтама: Себебі, «Qazaq soda» ЖШС-гі есебінен 42,0 млрд. теңгеге өндіріске қажетті пештер, қондырғылар сатып алынды және құрылыс жұмыстары есебінен қалыптасты.
4) Ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі – 6 млрд. 657 млн. теңгеге жетіп, жоспар 176%-ға артығымен орындалды (2024 ж. – 3 млрд. 715,9 млн. тг, НКИ – 205,9%);
5) Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі – 3 148 шаршы метрді құрап, жоспарды 102 %-ға орындап отырмыз (2024 ж. – 3 087 ш/м., НКИ – 101,7%);
6) Бөлшек сауда тауар айналымы көлемі – 1 млрд. 589 млн. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 101%-ға орындалады деп күтілуде (2024 ж. – 1 392,0 млн. тг, НКИ – 102,5%).