Өнер – таусылмас азық

Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен №6 кітапхананың коворкинг орталығында мәдениет майталманы Асылхан Шүңірековпен кездесу өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында туған жерінің өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек еткен азаматтарды қолдау мақсатында өткен кештің қонағы – Асылхан Шүңіреков болды. Шара барысында Асылхан ағаның  экраннан өмірбаян мен суреттері көрсетілді. Бүгінде алпыстың асқарына шығып, әлі де халық игілігіне қызмет етіп жүрген Асылған  Мәдіханұлы Әулиеата топырағында әннің рухын шалқытып, қара домбыраның қасиетін аманат көрген «Тараз» триосының белді мүшесі. Мәдениет майталманы алдымен балалық шағына саяхат жасап, өнер жолы туралы ойын ортаға салды. Мейрамбек Беспаевтың алғашқы ұстазының бірі Асылхан Шүкірековтың кеш барысында өз репертуарынан «Жалын кешкен», «Бастау» әндері орындалды. «Өмірім – өнерім» деп аталған кездесуге келген қонақтар Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткеріне көкейде жүрген сауалдарын қойып, мардымды жауап алды. Ал №6 кітапхана қызметкерлері «Өнер таусылмас – азық» тақырыбында ұйымдастырылған көрмені көрерменге таныстырды.

 Шара соңында ұйымдастырушылар мәдениет майталманына шапан жауып, құрмет көрсетті. Ал Асылхан Шүңіреков қасиетті домбырадан әсем күй төкті.

Comments (0)
Add Comment