Қостанайлық полицейлер «Нелегал – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының екі күнінде 18 шетелдікті елден шығарып, көші-қон заңнамасын бұзудың 100-ден астам фактісін анықтады деп хабарлады turkystan.kz.
Көші-қон қызметкерлері елде Өзбекстан Республикасы 32 азаматының заңсыз еңбек етіп жүргенін анықтады.
«Қостанай облысына қарасты Денисов ауданында рұқсат құжаттарынсыз жол жөндеу жұмыстарын жүргізген Өзбекстанның 13 азаматы анықталды. Басқа жағдайларда, Өзбекстан азаматтары болып табылатын 10 және 9 адам Рудный қаласының су құбырын жөндеу және Лисаков қаласындағы құрылыс алаңында заңсыз еңбек етіп жүрген. Барлық жағдайда заңбұзушыларға қатысты материалдар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Шетел азаматтарын жұмысқа алған жұмыс берушілер де жазаланды», – дейді тәртіп сақшылары.
Полицейлер заңсыз мигранттарды анықтау жұмыстарын 4 шілдеге дейін жалғастырады.