Үндістанда 52 жастағы кәсіпкер 27 жастағы әйеліне арнап әйгілі Тәж-Махалдан айнымайтын үй салып берді,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап.
Бұл көшірме елдің орталығындағы Бурханпур қаласында ақ мәрмәрдан бой көтерген. Төрт жатын бөлмесі бар «махаббат ескерткішін» тұрғызған бизнесменнің есімі Ананд Пракаш Чукси. Оның айтуынша, жаңа ғимаратта кітапхана, медитация бөлмесі және биік күмбез бар.
Ананд үйдің қабырғаларын безендіру үшін Раджастан мен Сураттан қолөнершілерді жалдаған. Зайыбы Манжушаға сыйға тартылған үйдің құрылысын бітіруге үш жылға жуық уақыт кетіпті.